Астанадағы 6 мектепте мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

© Photo : pixabayИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізіп, бірнеше мұғалім жалған дипломды пайдаланғанын анықтады.
"Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломды ұсынып, балаларды оқыту құқығына ие болған", - деп хабарлады прокуратура.
Тексеріс барысында Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Маңғыстауда 9 мұғалім балаларды жалған дипломмен оқытқан
Жаңалықтар
0