Головкин ұлттық құраманы әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бокстан ұлттық құраманы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша жетістігімен құттықтаймын!", - деп жазды Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол бапкерлер штабының еңбегін ерекше атап өтті.
"Өте жақсы жұмыс істедіңіздер. Олимпиада ойындарына дайындық жүргізуде сәттілік тілеймін", - деп түйіндеді әлем чемпионы.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль алды. Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдені иеленді.
Бокстан әлем чемпионатындағы төртінші "алтын": Нұрбек Оралбай жеңімпаз атанды