https://sputnik.kz/20230514/bokstan-alem-chempionatyndagy-tortinshi-altyn-nurbek-oralbay-zhenimpaz-atandy-34880187.html
Бокстан әлем чемпионатындағы төртінші "алтын": Нұрбек Оралбай жеңімпаз атанды
Бокстан әлем чемпионатындағы төртінші "алтын": Нұрбек Оралбай жеңімпаз атанды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтын... 14.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-14T19:07+0500
2023-05-14T19:07+0500
2023-05-14T19:08+0500
бокс
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0b/29243989_0:50:960:590_1920x0_80_0_0_d0bb1804a8d4bcc30c490e61158034ae.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтын салды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан боксшысы Нұрбек Оралбай Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен жекпе-жекке түсті. Оралбай үш раундта да қарсыласынан басым түсті. Сонымен, бокстан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынында 4 алтын, бір күміс медаль бар.Айта кетсек, бүгін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке түскен қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. "Қазақтың Ломаченкосы" деген лақапатқа ие қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жекпе-жекке түсті. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны бірінші және үшінші раундта қарсыласынан басым түсті. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз деп танылды.Кешегі финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді. Ал 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Дулат Бекбауов өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп қалып, күміс жүлдеге ие болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0b/29243989_53:0:907:640_1920x0_80_0_0_4f86bf47e1a3f0ca4d77323bfad2da1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтын салды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан боксшысы Нұрбек Оралбай Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен жекпе-жекке түсті. Оралбай үш раундта да қарсыласынан басым түсті.
Сонымен, бокстан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынында 4 алтын, бір күміс медаль бар.
Айта кетсек, бүгін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке түскен қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. "Қазақтың Ломаченкосы" деген лақапатқа ие қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жекпе-жекке түсті. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны бірінші және үшінші раундта қарсыласынан басым түсті. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Кешегі финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді. Ал 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Дулат Бекбауов өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп қалып, күміс жүлдеге ие болды.