Екібастұзда 137 тұрғын үйге ыстық су берілді

Екібастұздың жылу беру жүйесінің мамандары ақауды табу үшін төрт күн бойы қаладағы құбырларды тексерді
Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Екібастұзда 137 көпқабатты үйге ыстық су беру қалпына келтірілді, деп хабарлады "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС.
Компаниядағылар төрт күн ішінде қаладағы жылу желілерінде жүргізілген гидравликалық сынақтар кезінде үш жүзге жуық құбырдың зақымдануы анықталғанын айтты.
"Сынақ қорытындысы бойынша 269 бүліну анықталды. Бүгінгі таңда оның 100-ден астамы жойылды", - деп атап өтті жылумен қамту мекемесіндегілер.
Анықталған залалдың жартысынан азын жоюға екі апта уақыт кетті. Есесіне қазір Екібастұздағы 137 үйде ыстық су беру қалпына келтірілді.
"Ыстық суға жүйелі қосылу жалғасады. 25 мамырға дейін 220-дан астам үйді ыстық сумен қамту жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-дағылар.
Өткен қыста Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттарға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.