https://sputnik.kz/20230514/ekibastuzda-137-turgyn-uyge-ystyq-su-berildi-34874081.html
Екібастұзда 137 тұрғын үйге ыстық су берілді
Екібастұзда 137 тұрғын үйге ыстық су берілді
Екібастұздың жылу беру жүйесінің мамандары ақауды табу үшін төрт күн бойы қаладағы құбырларды тексерді 14.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-14T15:56+0600
2023-05-14T15:56+0600
2023-05-14T15:59+0600
екібастұз
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0e/34870894_0:561:947:1094_1920x0_80_0_0_d6b71237545473ce0363d67fa57db08a.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Екібастұзда 137 көпқабатты үйге ыстық су беру қалпына келтірілді, деп хабарлады "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС.Компаниядағылар төрт күн ішінде қаладағы жылу желілерінде жүргізілген гидравликалық сынақтар кезінде үш жүзге жуық құбырдың зақымдануы анықталғанын айтты."Сынақ қорытындысы бойынша 269 бүліну анықталды. Бүгінгі таңда оның 100-ден астамы жойылды", - деп атап өтті жылумен қамту мекемесіндегілер.Анықталған залалдың жартысынан азын жоюға екі апта уақыт кетті. Есесіне қазір Екібастұздағы 137 үйде ыстық су беру қалпына келтірілді."Ыстық суға жүйелі қосылу жалғасады. 25 мамырға дейін 220-дан астам үйді ыстық сумен қамту жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-дағылар.Өткен қыста Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттарға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0e/34870894_0:472:947:1182_1920x0_80_0_0_53c42b8000ee7b4cc82603b595986ded.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұзда 137 тұрғын үйге ыстық су берілді
15:56 14.05.2023 (жаңартылды: 15:59 14.05.2023) Екібастұздың жылу беру жүйесінің мамандары ақауды табу үшін төрт күн бойы қаладағы құбырларды тексерді
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Екібастұзда 137 көпқабатты үйге ыстық су беру қалпына келтірілді, деп хабарлады "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС.
Компаниядағылар төрт күн ішінде қаладағы жылу желілерінде жүргізілген гидравликалық сынақтар кезінде үш жүзге жуық құбырдың зақымдануы анықталғанын айтты.
"Сынақ қорытындысы бойынша 269 бүліну анықталды. Бүгінгі таңда оның 100-ден астамы жойылды", - деп атап өтті жылумен қамту мекемесіндегілер.
Анықталған залалдың жартысынан азын жоюға екі апта уақыт кетті. Есесіне қазір Екібастұздағы 137 үйде ыстық су беру қалпына келтірілді.
"Ыстық суға жүйелі қосылу жалғасады. 25 мамырға дейін 220-дан астам үйді ыстық сумен қамту жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-дағылар.
Өткен қыста Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттарға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.