Алматы облысында шелпек ішінен насыбай шықты

Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Алматы облысында колонияға шелпек ішіне жасырып телефон мен насыбай өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеменің қызметкерлері сотталғанға бандероль сәлемдемені тапсыру кезінде шелпек ішінен скотчталған жеті орамды тауып алған. Олардың ішінен екі ұялы телефон, қырық дана ақ түсті белгісіз дәрілер, құлаққап, зарядтағыш құрылғы және алты дана насыбай бумалары табылып, тәркіленді. Тыйым салынған заттарды бандероль арқылы жіберген адам анықталды.
"Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда тәркіленген белгісіз дәрілерді анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды", – деді ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізгендер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Солтүстік Қазақстанда түрмеге телефонды қаймақ ыдысымен алып кірмек болды