https://sputnik.kz/20230201/soltustik-qazaqstanda-turmege-telefondy-qaymaq-ydysymen-alyp-kirmek-boldy-31635439.html
Солтүстік Қазақстанда түрмеге телефонды қаймақ ыдысымен алып кірмек болды
Солтүстік Қазақстанда түрмеге телефонды қаймақ ыдысымен алып кірмек болды
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында колонияға қаймақ ыдысы арқылы екі смартфонды өткізбек болған. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару... 01.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-01T15:00+0600
2023-02-01T15:00+0600
2023-02-01T15:00+0600
түрме
телефон
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/01/31632221_0:256:2730:1792_1920x0_80_0_0_0321dba0c1245ecfb15d333a39c12ddf.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында колонияға қаймақ ыдысы арқылы екі смартфонды өткізбек болған. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Пошта жөнелтілімдерін тексеру барысында №5 мекеменің (жоғары қауіпсіздік) қызметкерлері Интернетке қосылған "Prestiqio" және "MI" маркалы екі смартфонды, сондай-ақ екі "Алтел" сим-картасын өткізу әрекетінің алдын алды.Сәлемдемені жөнелткен азаматқа қатысты жиналған материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен дүниелерді беру) сәйкес ол ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Еске салсақ, өткен жылдың 9 желтоқсанында дәл осы жоғары қауіпсіздік режиміндегі колонияда 1994 және 1976 жылы туған екі сотталушының арасында жанжал шығып, төбелес кезінде бірі екіншісінің басынан балғамен ұрған. 46 жастағы жәбірленуші Айыртау аудандық орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимай көз жұмды.Бұдан кейін облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы Рүстем Ахметжанов қызметінен босатылып, оның орнына генерал-майор Берік Біләлов келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/01/31632221_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_c5c114dfde054675e873f3e9929c61f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түрме, телефон
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында колонияға қаймақ ыдысы арқылы екі смартфонды өткізбек болған. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пошта жөнелтілімдерін тексеру барысында №5 мекеменің (жоғары қауіпсіздік) қызметкерлері Интернетке қосылған "Prestiqio" және "MI" маркалы екі смартфонды, сондай-ақ екі "Алтел" сим-картасын өткізу әрекетінің алдын алды.
"Телефондар қос түбі бар қаймақ ыдысына жасырылған. Сәлемдемені Батыс Қазақстан облысының тұрғыны сотталғандардың біріне жіберген. Тыйым салынған заттар тәркіленді", - деп хабарлады ҚАЖД қызметкерлері.
Сәлемдемені жөнелткен азаматқа қатысты жиналған материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен дүниелерді беру) сәйкес ол ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Еске салсақ, өткен жылдың 9 желтоқсанында дәл осы жоғары қауіпсіздік режиміндегі колонияда 1994 және 1976 жылы туған екі сотталушының арасында жанжал шығып, төбелес кезінде бірі екіншісінің басынан балғамен ұрған. 46 жастағы жәбірленуші Айыртау аудандық орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимай көз жұмды.
Бұдан кейін облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы Рүстем Ахметжанов қызметінен босатылып, оның орнына генерал-майор Берік Біләлов келді.