Шымкентте бірнеше көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Шымкентте бірден бес көлік соқтығысты. Көлік апаты Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Мұнда бес көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, екеуіне медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Шымкентте 18 вагон аударылып кетті – фото