Шымкентте бірнеше көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

© Photo : Pixabay / diegoparraПолицейские мигалки на автомобиле
Полицейские мигалки на автомобиле  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Шымкентте бірден бес көлік соқтығысты. Көлік апаты Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Мұнда бес көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, екеуіне медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Шымкентте 18 вагон аударылып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Шымкентте 18 вагон аударылып кетті – фото
Жаңалықтар
0