АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. 12 мамыр кешке Орал қаласының құқық қорғау органдарына кәмелетке толмаған 2008 жылы туған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды polisia.kz.
Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді іздеуге департаменттің барлық жеке құрамы мен оған бекітілген күштер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты.
Таңертең қыз көпқабатты үйлердің бірінің төбесінен секірмек болған жерден табылды.
Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жәдігеров пен Әділ Сақыпкереев баланы өлімге әкелетін қадамнан дер кезінде құтқарып қалды.
Қазіргі уақытта жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Тергеушілер оқиғаның себептерін анықтайды.