АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты.
"2023 жылдың 12 мамырында Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Абылай Мырзахметовке қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады, - делінген хабарламада.
10 мамр күні "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов қамауға алынды.
Кейін Антикоррупциялық қызмет ол қандай қылмысқа қатысты ұсталғанын хабарлады.