Экономика

"Атамекен" қордаланған мәселесі ең көп бизнестің 5 саласын атады

© Photo : Палата предпринимателей Астаны"Атамекен" палатасы
Атамекен палатасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
"Атамекен" ҰКП-да бизнес мәселелерін шешетін алаң жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес ең көп проблемаға тап болатын салаларды атады:
сатып алу;
медициналық және фармацевтикалық қызмет;
қаржыландыру және несиелеу;
сауда;
салық салу.
Сатып алулар бойынша ұлттық палата отырыстарында ең көп мәселе көтерілді. Ақпанда бизнестің 254 өзекті мәселесі қалыптасып, оның 20-сы шешілген.

"Проблемалар 18 саланы қамтиды. Ең көп мәселе мемлекеттік сатып алу, агроөнеркәсіп кешені, сауда, денсаулық сақтау, қаржы салаларына қатысты", - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басты проблемасы - қолайсыз жүйе мен шектен тыс әкімшілік жүктеме. Мұны шешу үшін 2021 жылдың соңында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясат енгізу мәселелері бойынша заң қабылданды.
2022 жылдың екінші жартыжылдығында және келер жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп және басқа салаларда бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау қамтамасыз етіледі.
Жаңалықтар
0