АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Павлодарда өз баласын ұрып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шығаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы 28 қазанда 23 жастағы қала тұрғыны мазасызданып жылаған сәбиін өлтіріп алған. Бала жылағынан қоймаған соң, әйел оны жерге лақтырып, жұдырықпен ұрған. Есінен танып қалған сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Сәбидің миына зақым келген. Дәрігерлердің әрекетіне қармасатан ол 2 қарашада көз жұмды.
Полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғады. Заң бойынша осы қылмыс үшін сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сотта прокурор баласын абайсызда өлтірген ананы 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап айыпты қолдады.
Ал сотталушы әйел денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру айыбымен келіспей, кінәсін мойындаған жоқ, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Бірақ сотта оның кінәсі толығымен дәлелденді.
Судья сотталушының жасын ескеріп, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.