https://sputnik.kz/20230409/aqsh-ta-ush-balasyn-tunshyqtyryp-oltirgen-ayeldin-qulagyna-bireu-sybyrlagan-33735977.html
АҚШ-та үш баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің құлағына біреу "сыбырлаған"
АҚШ-та үш баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің құлағына біреу "сыбырлаған"
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Массачусетс штатында үш баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған 32 жастағы әйел сотқа Zoom арқылы қатысып, алғаш рет... 09.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-09T19:08+0500
2023-04-09T19:08+0500
2023-04-09T19:08+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:490:1997:1613_1920x0_80_0_0_c853e3c601aacb61d88f7a8cb828cf66.jpg
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Массачусетс штатында үш баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған 32 жастағы әйел сотқа Zoom арқылы қатысып, алғаш рет өзіне тағылған айыпты тыңдады. Бұл туралы Mirror.ko порталы жазды.Линдси Клэнси қазір ауруханада емделіп жатыр. Прокурорлардың мәліметінше, ол үш баласын – 5 жасар Кора, 3 жасар Доусон мен 8 айлық Калланды 24 қаңтарда тұншықтырып өлтіріп, өзі екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен.Әйелдің адвокаты Кевин Реддингтонның айтуынша, жас ана "босанғаннан кейінгі күйзеліске, тіпті босанғаннан кейінгі психозға" шалдықтырған медициналық көмектің құрбаны болған.Адвокаттың айтуынша, Клэнсиге прозак, сероквель сияқты дәрі-дәрмектерді тағайындаған, ал олардың суицидтік ойларға жетелейтін жанама әсері бар."Клэнсидің балаларын өлтіруіне дәрі-дәрмек себеп болды", - деді Реддингтон сотта.Сот процесінде Клэнси тіл қатпады. Ол үш баласын өлтіргеннен кейін бірнеше минуттан соң екінші қабаттың терезесінен секіріп, салдарынан сал болып қалды.Адвокат сотқа: "ол жүре алмайды ал ол тіпті дәретханаға бара алмайды", - деді. Оның психикалық денсаулығы да жақсы емес.Клэнси суицид жасамас бұрын "үш балаңды және өзіңді өлтір" деп ер адам құлағына "сыбырлағанын" психологқа айтқан.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:303:1997:1800_1920x0_80_0_0_0a9f372dd61fff6b6cb09ba7d544bd00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Массачусетс штатында үш баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған 32 жастағы әйел сотқа Zoom арқылы қатысып, алғаш рет өзіне тағылған айыпты тыңдады. Бұл туралы Mirror.ko порталы жазды.
Линдси Клэнси қазір ауруханада емделіп жатыр. Прокурорлардың мәліметінше, ол үш баласын – 5 жасар Кора, 3 жасар Доусон мен 8 айлық Калланды 24 қаңтарда тұншықтырып өлтіріп, өзі екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен.
Әйелдің адвокаты Кевин Реддингтонның айтуынша, жас ана "босанғаннан кейінгі күйзеліске, тіпті босанғаннан кейінгі психозға" шалдықтырған медициналық көмектің құрбаны болған.
Адвокаттың айтуынша, Клэнсиге прозак, сероквель сияқты дәрі-дәрмектерді тағайындаған, ал олардың суицидтік ойларға жетелейтін жанама әсері бар.
"Клэнсидің балаларын өлтіруіне дәрі-дәрмек себеп болды", - деді Реддингтон сотта.
Сот процесінде Клэнси тіл қатпады. Ол үш баласын өлтіргеннен кейін бірнеше минуттан соң екінші қабаттың терезесінен секіріп, салдарынан сал болып қалды.
Адвокат сотқа: "ол жүре алмайды ал ол тіпті дәретханаға бара алмайды", - деді. Оның психикалық денсаулығы да жақсы емес.
Клэнси суицид жасамас бұрын "үш балаңды және өзіңді өлтір" деп ер адам құлағына "сыбырлағанын" психологқа айтқан.