ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматы облысының санитарлық эпидемиологтары Көлашы ауылында бір отбасының улануына тұншықтырғыш газ (угарный газ) себеп болғанын мәлімдеді.
Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде тұрғын үйдің ауасында 1,1-1,3 мг аралығында тұншықтырғыш газ болғаны анықталды.
"Уланған адамдардың қанынан тұншықтырғыш газдан уланғанын білдіретін карбоксигемоглобин табылды. Зертхана мәліметі негізінде "тұншықтырғыш газдың улы әсері" деген диагноз қойылды", - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Ведомство тұншықтырғыш газ түссіз, дәмсіз және иіссіз болатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, 4 мамырда Қарасай ауданына қарасты Көлашы ауылында қайғылы оқиға болды. Жеке үйде бір отбасының 5 адамы белгісіз заттан уланып өлді.
Ер адам үйде қайтыс болған, төрт бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Бірақ дәрігерлер 38 жастағы әйелді ғана аман алып қалды. Науқас бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір ол емхана бөлімдерінің біріне ауыстырылды. Жексенбі күні оның күйеуі мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды.