https://sputnik.kz/20230512/kolashy-auylynda-bir-otbasynyn-5-adamy-neden-koz-zhumgany-anyqtaldy-34841403.html
Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы неден көз жұмғаны анықталды
Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы неден көз жұмғаны анықталды
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматы облысының санитарлық эпидемиологтары Көлашы ауылында бір отбасының улануына тұншықтырғыш газ (угарный газ) себеп... 12.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-12T20:00+0500
2023-05-12T20:00+0500
2023-05-12T20:11+0500
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f2d4fd21cee03c37bcfd3e863164b4f0.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматы облысының санитарлық эпидемиологтары Көлашы ауылында бір отбасының улануына тұншықтырғыш газ (угарный газ) себеп болғанын мәлімдеді.Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде тұрғын үйдің ауасында 1,1-1,3 мг аралығында тұншықтырғыш газ болғаны анықталды.Ведомство тұншықтырғыш газ түссіз, дәмсіз және иіссіз болатынын хабарлады.Еске сала кетейік, 4 мамырда Қарасай ауданына қарасты Көлашы ауылында қайғылы оқиға болды. Жеке үйде бір отбасының 5 адамы белгісіз заттан уланып өлді.Ер адам үйде қайтыс болған, төрт бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Бірақ дәрігерлер 38 жастағы әйелді ғана аман алып қалды. Науқас бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір ол емхана бөлімдерінің біріне ауыстырылды. Жексенбі күні оның күйеуі мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды.
https://sputnik.kz/20230510/almaty-oblysynda-qaytys-bolgan-5-adamnyn-tuystary-oqiganyn-qalay-bolganyn-aytty-34732475.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_212bc6f3dcbf113efde67192251c075c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы неден көз жұмғаны анықталды
20:00 12.05.2023 (жаңартылды: 20:11 12.05.2023) ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматы облысының санитарлық эпидемиологтары Көлашы ауылында бір отбасының улануына тұншықтырғыш газ (угарный газ) себеп болғанын мәлімдеді.
Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде тұрғын үйдің ауасында 1,1-1,3 мг аралығында тұншықтырғыш газ болғаны анықталды.
"Уланған адамдардың қанынан тұншықтырғыш газдан уланғанын білдіретін карбоксигемоглобин табылды. Зертхана мәліметі негізінде "тұншықтырғыш газдың улы әсері" деген диагноз қойылды", - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Ведомство тұншықтырғыш газ түссіз, дәмсіз және иіссіз болатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, 4 мамырда Қарасай ауданына қарасты Көлашы ауылында қайғылы оқиға болды. Жеке үйде бір отбасының 5 адамы белгісіз заттан уланып өлді.
Ер адам үйде қайтыс болған, төрт бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Бірақ дәрігерлер 38 жастағы әйелді ғана аман алып қалды. Науқас бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір ол емхана бөлімдерінің біріне ауыстырылды. Жексенбі күні оның күйеуі мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды.