ПАВЛОДАР, 12 мамыр– Sputnik. Екібастұз тұрғыны №20 "Мереке" балабақшасының күзетшісін жұмыс орнында өлтіріп кетті деген күдікке ілінді.
Sputnik Қазақстан тілшісі Павлодар облысының полиция департаментіне хабарласып, осы оқиғаның мән-жайын сұрап білді.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел қамауға алынды", - делінген құқық қорғау органдарының ресми жауабында.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес айыпталушы оның кінәсі дәлелденіп, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып саналады.