https://sputnik.kz/20230423/kokshetau-turgyny-kuyeuin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi-34215257.html
Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Отбасындағы жанжалдан кейін 45 жастағы ер адам кеуде тұсынан салынған пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды 23.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-23T11:58+0500
2023-04-23T11:58+0500
2023-04-23T11:58+0500
көкшетау
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен жергілікті тұрғынның өз үйінде кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.Полиция қызметкерлері марқұмның тұратын мекенжайына жеткен кезде 45 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Жедел-тергеу шаралары барысында жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен марқұмның бірге тұратын азаматтық некедегі әйелі ұсталды."Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыптының пәтерде өздері болғаны анықталды. Олардың арасында жанжал туындап, ұрыс кезінде күдікті ер адамның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жәбірленуші алған жарақаттан қайтыс болды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Кінәлі әйел 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін."Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іске қатысушылардың жеке басын сипаттайтын материалдар жинақталып жатыр. Сонымен қатар, сараптамалық зерттеулер, оның ішінде оқиға орнынан алынған айғақтар бойынша жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді ведомстводағылар.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау
Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Отбасындағы жанжалдан кейін 45 жастағы ер адам кеуде тұсынан салынған пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен жергілікті тұрғынның өз үйінде кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлері марқұмның тұратын мекенжайына жеткен кезде 45 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Жедел-тергеу шаралары барысында жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен марқұмның бірге тұратын азаматтық некедегі әйелі ұсталды.
"Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыптының пәтерде өздері болғаны анықталды. Олардың арасында жанжал туындап, ұрыс кезінде күдікті ер адамның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жәбірленуші алған жарақаттан қайтыс болды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Кінәлі әйел 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іске қатысушылардың жеке басын сипаттайтын материалдар жинақталып жатыр. Сонымен қатар, сараптамалық зерттеулер, оның ішінде оқиға орнынан алынған айғақтар бойынша жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді ведомстводағылар.