Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов те финалға шықты

Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов Ташкентте өтіп жатқа әлем чемпионатының жартылай финалында үндістандық Дев Нишантты жеңді.
71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ұлттық құраманың капитаны қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша Қазақстанның төртінші боксшысы финалға шықты.
Бұған дейін 67 келі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов жартылай финалда грузиялық Лаша Гурулиді ұтты. Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) да финалға жолдама алды.
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандарға 200 мың доллар, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.
Қазақстанның үшінші боксшысы финалға шықты