Қазақстанның үшінші боксшысы финалға шықты

© sports.kzДулат Бекбауов
Дулат Бекбауов 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақ боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Дулат Бекбауов жартылай финалда грузиялық Лаша Гурулиді жеңіп, финалға шықты.
Бұған дейін екі қазақ боксшысы – Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) финалға шыққан болатын.
Айта кетері, жартылай финалға тағы екі боксшымыз өнер көрсетеді. Олар – Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі).
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандарға 200 мың доллар, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.
Махмұд Сабырхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Тағы бір қазақ боксшысы финалға шықты
Жаңалықтар
0