Ақтөбелік мұғалім алаяққа алданып қалды

Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлады Polisia.kz.
53 жастағы ақтөбелік полицияға арызданды. Оның айтуынша, жыл басында таныс әйел шағын бизнесті дамыту үшін өтеусіз грант алуға жәрдемдесемін деп 500 мың теңге сомасында ақша алған.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің тағы бір жергілікті тұрғынды 1 млн теңгеге алдағаны анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қосшы тұрғыны бейтаныс адамның айтқанын істеймін деп қарызға белшесінен батты