"Алматы жастары" бағдарламасын жүзеге асыруға 20 млрд бөлінді

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Сондай-ақ, "Отбасы банкінің" өз қаражатынан тағы 3 млрд теңге бөлінді.
Тұрғын үй бағдарламасымен кемінде 1100 адамды қамту жоспарлануда. Өтінімдерді қабылдау 15 мамырдан басталады. Өтінімдерді қабылдау туралы брифингте коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев егжей-тегжейлі баяндап берді.

"Алматы жастары" бағдарламасының бір ерекшелігі қатысушыларға бастапқы және екінші нарықтан тұрғын үйді өз бетінше таңдауы үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері берілуде. Қала жастары тарапынан үлкен сұраныс пен жоғары қызығушылықты, сондай-ақ өткен жылдардағы қатысушылардың санын ескере отырып, бағдарлама биыл да өз жалғасын таппақ. Айта кетсек, 2022 бағдарламасы бойынша 1097 отбасы баспанаға ие болды", - деді Данияр Қырықбаев.

Банк өкілі бағдарлама бойынша несиелендіру шарттарын атап өтті:
несиенің максималды сомасы 18 миллион теңгеге дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – 5%;
бастапқы жарнасы – 10%;
бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігін қамту – кемінде 1100 адам болады.
Айта кету керек, "Алматы жастары" бағдарламасына келесі бағыттар бойынша бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтағы сала қызметкерлері қатыса алады.
Қатысушылар өтінім мен құжаттарды арнайы www.almaty-zhastary.kz сайтында ЭСҚ арқылы тапсыруы қажет.
Сондай-ақ ол, биыл Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылғанын атап өтті (мұғалімдерге - 50, дәрігерлерге – 50).
Отбасы банк кредит бойынша мөлшерлемені төмендетеді