https://sputnik.kz/20230512/almaty-zhastary-bagdarlamasyn-zhuzege-asyruga-20-mlrd-bolindi-34810922.html
"Алматы жастары" бағдарламасын жүзеге асыруға 20 млрд бөлінді
"Алматы жастары" бағдарламасын жүзеге асыруға 20 млрд бөлінді
Sputnik Қазақстан
Алматы жастары" бағдарламасының бір ерекшелігі қатысушыларға бастапқы және екінші нарықтан тұрғын үйді өз бетінше таңдауы үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері берілуде
2023-05-12T13:54+0500
2023-05-12T13:54+0500
2023-05-12T13:54+0500
ипотекалық бағдарлама
алматы
жастар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Сондай-ақ, "Отбасы банкінің" өз қаражатынан тағы 3 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй бағдарламасымен кемінде 1100 адамды қамту жоспарлануда. Өтінімдерді қабылдау 15 мамырдан басталады. Өтінімдерді қабылдау туралы брифингте коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев егжей-тегжейлі баяндап берді.Банк өкілі бағдарлама бойынша несиелендіру шарттарын атап өтті:Айта кету керек, "Алматы жастары" бағдарламасына келесі бағыттар бойынша бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтағы сала қызметкерлері қатыса алады.Қатысушылар өтінім мен құжаттарды арнайы www.almaty-zhastary.kz сайтында ЭСҚ арқылы тапсыруы қажет.Сондай-ақ ол, биыл Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылғанын атап өтті (мұғалімдерге - 50, дәрігерлерге – 50).
https://sputnik.kz/20230512/otbasy-bank-aralyq-zaemdar-boyynsha-molsherlemeni-tomendetedi-34803785.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
программа для молодежи жастар ипотека баспана ипотекалық бағдарламалар
программа для молодежи жастар ипотека баспана ипотекалық бағдарламалар
"Алматы жастары" бағдарламасын жүзеге асыруға 20 млрд бөлінді
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Сондай-ақ, "Отбасы банкінің" өз қаражатынан тағы 3 млрд теңге бөлінді.
Тұрғын үй бағдарламасымен кемінде 1100 адамды қамту жоспарлануда. Өтінімдерді қабылдау 15 мамырдан басталады. Өтінімдерді қабылдау туралы брифингте коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев егжей-тегжейлі баяндап берді.
"Алматы жастары" бағдарламасының бір ерекшелігі қатысушыларға бастапқы және екінші нарықтан тұрғын үйді өз бетінше таңдауы үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері берілуде. Қала жастары тарапынан үлкен сұраныс пен жоғары қызығушылықты, сондай-ақ өткен жылдардағы қатысушылардың санын ескере отырып, бағдарлама биыл да өз жалғасын таппақ. Айта кетсек, 2022 бағдарламасы бойынша 1097 отбасы баспанаға ие болды", - деді Данияр Қырықбаев.
Банк өкілі бағдарлама бойынша несиелендіру шарттарын атап өтті:
несиенің максималды сомасы 18 миллион теңгеге дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – 5%;
бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігін қамту – кемінде 1100 адам болады.
Айта кету керек, "Алматы жастары" бағдарламасына келесі бағыттар бойынша бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтағы сала қызметкерлері қатыса алады.
Қатысушылар өтінім мен құжаттарды арнайы
www.almaty-zhastary.kz сайтында ЭСҚ арқылы тапсыруы қажет.
Сондай-ақ ол, биыл Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылғанын атап өтті (мұғалімдерге - 50, дәрігерлерге – 50).