АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында әткеншек тепкен бала екі темірдің арасында қысылып қалды. Оны алып шығу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 1 мамырда кешкі сағат 19:24-те Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылдық округінен шұғыл ақпарат түсті. Мерей көшесіндегі үйдің жанында орналасқан ойын алаңында кішкентай баланың басы әткеншекке кептеліп қалған.
Құтқарушылар бірден оқиға орнына барды. Сол жерде гидравликалық қайшының көмегімен әткеншекті кесіп, 2017 жылы туған баланы ата-анасына тапсырды.