Өңірлер

Балқашта терезе торына басы қысылып қалған 8 жасар балаға көмек көрсетілді – видео

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Балқашта құтқарушылар басы терезе торына қысылып қалған сегіз жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға 17 маусым Қазбекова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
2014 жылғы бала басын терезенің металл торына тығып, шыға алмай қалған.
Ата-анасы оған көмектесе алмады. Өрт сөндіруші-құтқарушыларға гидравликалық қайшымен металл торды кесуге тура келді.
Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Жаңалықтар
0