АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Қарағандыда екі жасар бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүлдіршін алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"9 мамырда Қарағандыда Степной-3 шағын ауданы 2-үйдің 7-қабатының терезесінен 2021 жылы туған ер бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Департамент балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.