Оқиға

Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап мерт болды

© Photo : Павлодар облысы ҚАЖДтерезеден құлау
терезеден құлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Қарағандыда екі жасар бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүлдіршін алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"9 мамырда Қарағандыда Степной-3 шағын ауданы 2-үйдің 7-қабатының терезесінен 2021 жылы туған ер бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.
Терезе, бүлдіршін - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Елорда тынысы
Астанада 3-қабаттан құлап кеткен бүлдіршінді көршілері құтқарды
Жаңалықтар
0