Тоқаев Ақордада Тәжікстан президентін қарсы алды

Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кездесуі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алды.
Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.
Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік Әнұрандарын орындады. Содан соң мемлекет басшылары Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Айта кетері, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен 3 мамырда келді. Оны Астана әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумында 2,6 миллиард долларға келісім жасалды