https://sputnik.kz/20230504/qazaqstan--tazhikstan-biznes-forumynda-26-milliard-dollarga-kelisim-zhasaldy-34540983.html
Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумында 2,6 миллиард долларға келісім жасалды
Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумында 2,6 миллиард долларға келісім жасалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада өткен Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын ынтымақтастық туралы... 04.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-04T09:57+0500
2023-05-04T09:57+0500
2023-05-04T09:57+0500
бизнес форум
тәжікстан
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18159376_0:0:2925:1645_1920x0_80_0_0_6e8db7301cd6c3e32852d7894eb6e500.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада өткен Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын ынтымақтастық туралы 40 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Тәжікстанның "Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі.Тәжікстан мен Қазақстанның іскер топтары арасында бірлескен кәсіпорындар, өндірістік кооперация және қызмет көрсету саласы нысандарын құру бойынша құжаттарға қол қойылды.Сонымен қатар тараптар қазақстандық тараптың инвестициясымен Тәжікстанның еркін экономикалық аймақтарында (ЕЭА) бірлескен өндірістік кәсіпорындар құруға келісті, тау-кен металлургия өнеркәсібі және өнімдердің тауар алмасуы салаларында ұзақ мерзімді келісімдерге қол қойылды.Сондай-ақ мемлекеттер арасында Қазақстанда сұранысқа ие жеміс-жидек пен көкөніс жеткізілімін арттыруға мүмкіндік беретін көтерме сауда-тарату орталықтарын салу туралы келісімге қол қойылды. Душанбе мен Астана арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.3 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Астана әуежайында қарсы алды.4 мамырда екі ел президенттері жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өткізеді деп күтілуде.Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 2022 жылы шамамен 20%-ке өсіп, 1,5 миллиард долларға жуықтады, деп жазылған хабарламада.
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18159376_78:0:2807:2047_1920x0_80_0_0_4614ae923439831cd2e58bca2e284f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес форум, тәжікстан
Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумында 2,6 миллиард долларға келісім жасалды
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада өткен Қазақстан – Тәжікстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын ынтымақтастық туралы 40 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Тәжікстанның "
Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Тәжікстан мен Қазақстанның іскер топтары арасында бірлескен кәсіпорындар, өндірістік кооперация және қызмет көрсету саласы нысандарын құру бойынша құжаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар тараптар қазақстандық тараптың инвестициясымен Тәжікстанның еркін экономикалық аймақтарында (ЕЭА) бірлескен өндірістік кәсіпорындар құруға келісті, тау-кен металлургия өнеркәсібі және өнімдердің тауар алмасуы салаларында ұзақ мерзімді келісімдерге қол қойылды.
Сондай-ақ мемлекеттер арасында Қазақстанда сұранысқа ие жеміс-жидек пен көкөніс жеткізілімін арттыруға мүмкіндік беретін көтерме сауда-тарату орталықтарын салу туралы келісімге қол қойылды. Душанбе мен Астана арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.
3 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Астана әуежайында қарсы алды.
4 мамырда екі ел президенттері жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өткізеді деп күтілуде.
Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 2022 жылы шамамен 20%-ке өсіп, 1,5 миллиард долларға жуықтады, деп жазылған хабарламада.