АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша кеншілер қаласында 269 (34 магистральдық және 235 орамішілік) ақау анықталды. Оларды жою жұмыстары қазірдің өзінде басталып, 25 бригада желілерді жөндеу мен ауыстыруды кезең-кезеңімен орындап жатыр.
15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарлануда. Содан кейін 25 мамырға дейін 221 және 10 маусымға дейін 246 көпқабатты тұрғын үйді қосылады. Үйлерге ыстық су беру тізімі ЕЖЭО телеграм каналында жарияланады.
Сондай-ақ ЖМ-5 және ЖМ-12 магистральдық құбырларын қайта құру жұмыстары басталды. Қазір ескі желілерді бөлшектеу және басқа да дайындық шаралары жүргізілуде. Барлығы төрт жылу магистралі жаңартылады. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.
"Өңір басшысы жылу желілерін жаңарту кезінде тоттанудан қорғауды ескеріп, барлық жұмысты қажетті талаптарға сәйкес уақытылы жүргізіп, екібастұздықтардың үйлерін дер кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін екібастұздықтар жылу ақысының 30 пайызын ғана төлейтіні хабарланған болатын.