https://sputnik.kz/20230504/ekibastuzda-mamyrdyn-ortasyna-deyin-137-kopqabatty-uyge-ystyq-su-beriledi-34522367.html
Екібастұзда мамырдың ортасына дейін 137 көпқабатты үйге ыстық су беріледі
Екібастұзда мамырдың ортасына дейін 137 көпқабатты үйге ыстық су беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланып отыр, деп... 04.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-04T07:00+0500
2023-05-04T07:00+0500
2023-05-04T07:00+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/05/03/34497335_0:299:853:779_1920x0_80_0_0_0c4535210beed09f3bd5964ce713c2f8.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша кеншілер қаласында 269 (34 магистральдық және 235 орамішілік) ақау анықталды. Оларды жою жұмыстары қазірдің өзінде басталып, 25 бригада желілерді жөндеу мен ауыстыруды кезең-кезеңімен орындап жатыр.15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарлануда. Содан кейін 25 мамырға дейін 221 және 10 маусымға дейін 246 көпқабатты тұрғын үйді қосылады. Үйлерге ыстық су беру тізімі ЕЖЭО телеграм каналында жарияланады.Сондай-ақ ЖМ-5 және ЖМ-12 магистральдық құбырларын қайта құру жұмыстары басталды. Қазір ескі желілерді бөлшектеу және басқа да дайындық шаралары жүргізілуде. Барлығы төрт жылу магистралі жаңартылады. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда."Өңір басшысы жылу желілерін жаңарту кезінде тоттанудан қорғауды ескеріп, барлық жұмысты қажетті талаптарға сәйкес уақытылы жүргізіп, екібастұздықтардың үйлерін дер кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.Бұған дейін екібастұздықтар жылу ақысының 30 пайызын ғана төлейтіні хабарланған болатын.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/03/34497335_0:297:853:937_1920x0_80_0_0_5318ebf80037bcfb10dff5e384c926a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша кеншілер қаласында 269 (34 магистральдық және 235 орамішілік) ақау анықталды. Оларды жою жұмыстары қазірдің өзінде басталып, 25 бригада желілерді жөндеу мен ауыстыруды кезең-кезеңімен орындап жатыр.
15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарлануда. Содан кейін 25 мамырға дейін 221 және 10 маусымға дейін 246 көпқабатты тұрғын үйді қосылады. Үйлерге ыстық су беру тізімі ЕЖЭО телеграм каналында жарияланады.
Сондай-ақ ЖМ-5 және ЖМ-12 магистральдық құбырларын қайта құру жұмыстары басталды. Қазір ескі желілерді бөлшектеу және басқа да дайындық шаралары жүргізілуде. Барлығы төрт жылу магистралі жаңартылады. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.
"Өңір басшысы жылу желілерін жаңарту кезінде тоттанудан қорғауды ескеріп, барлық жұмысты қажетті талаптарға сәйкес уақытылы жүргізіп, екібастұздықтардың үйлерін дер кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін екібастұздықтар жылу ақысының 30 пайызын ғана төлейтіні хабарланған болатын.