Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 4 мамырда Қобда кентіндегі Самара-Шымкент автожолында болған.
Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды. Жеңіл көліктің жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Рөлде 17 жастағы жігіт отырған: Қызылорда облысында жол апатынын бір адам көз жұмды