Рөлде 17 жастағы жігіт отырған: Қызылорда облысында жол апатынын бір адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының Шиелі кентінде көлікпен жол апатына түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 4 мамыр күні болған. Жол апатына түскен Toyota автокөлігінің рөлінде 17 жастағы жігіт отырған.
"Шиелі кентінде 17 жастағы тұрғын Toyota автокөлігінің рөліне ие бола алмай, жол апатына түсті. Салдарынан бір жолаушы қайтыс болып, жүргізуші мен тағы екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті", - дейді ведомстводағылар.
Полицияның хабрлауынша, қайтыс болған және жараланған жолаушылар өзі қатарлас бозбалалар.
Бұл факт бойынша ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалар жасалады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Көлік қағып кеткен оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Жаңалықтар
0