АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары аштық жариялады, деп хабарлады lada.kz.
Бүгін, 3 мамырда Жаңаөзен қаласының 15-ке жуық жұмыссыз тұрғыны әкімдіктің алдында жиналды.
"Жұмысқа орналастыру проблемасын шешуге әлі күнге дейін көмек көрсетпегендіктен, біз аштық жариялауды көздеп отырмыз", - дейді жиналғандар.
Еске сала кетейік, еңбек шарты мен жалақыға көңілі толмайтын жаңаөзендіктер бірнеше рет наразылық білдірді. 10 сәуірде Жаңаөзен жұмысшылары Астанада наразылық акциясына шықты. Энергетика министрлігі ғимаратының жанына 60-70-ке жуық адам жиналды. Ереуілшілер "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға жұмысқа алуды талап етті.
Келесі күні наразылық білдірген мұнайшылар ұсталып, 12 сәуірде Жаңаөзенге қайтарылды. Елордада келіссөз жүргізу үшін жұмыс комиссиясының құрамына енген 10 өкіл қалды.