Қоғам

Серік Күдебаевқа қатысты тағы бір іс қаралады

Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматы облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашуы бөлек қаралады, деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасы басшысының орынбасары Саян Дүйсебаев.
Серік Күдебаевқа қатысты сот үкімі жарияланғаннан кейін ол журналистерге: "Қашу фактісі бойынша іс бөлек тергеледі", деді.
Прокурордың айтуынша, Серік Күдебаев былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қарамағындағыларға полиция ғимаратын қалдыру туралы заңсыз бұйрық беріп, өзі қаладан кетіп қалған.
"Салдарынан қоғамдық тәртіп бұзылып, әкімдік, полиция бөлімшесі, сондай-ақ сауда үйінің ғимараттары бүлінген. Келтірілген шығын шамамен 5 миллиард теңге. Тәртіпсіздікке қатысушылар 500-ге жуық қару-жарақты алып кетті. Оның 300-ге жуығы әлі табылған жоқ", - деді Саян Дүйсебаев.
Қоғам
Күдебаевқа сот үкімі шықты