АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Келісімге 2021 жылы қол қойылған болатын. Бұл құжат Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараны заң нормаларымен қорғау, оны кесіп өту, тауарлар мен басқа да мүліктерді тасымалдау тәртібі айқындалған.
Келісімде мемлекеттік шекарадағы шекаралық аймақтар мен акваторияларда кәсіпкерлік, балық аулау немесе өзге де қызметті жүргізу мәселелері көрсетілген. Шекарада туындауы мүмкін оқиғалар құқықтық тұрғыдан реттеледі.