https://sputnik.kz/20221015/toqaev-turikmenstan-qazaqstan-28501084.html
Тоқаев: Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет
Тоқаев: Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет
Sputnik Қазақстан
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанада мемлекеттік сапармен жүр 15.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-15T11:41+0500
2022-10-15T11:41+0500
2022-10-15T11:42+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
түрікменстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0f/28496965_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_ea16f43712cd364dc67d30a30835aee1.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Түрікменстан президентті оңаша кездесуде екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Сіздің мемлекеттік сапарыңыз – Қазақстан үшін өте үлкен оқиға, тарихи мәні бар десек, артық айтпаймыз. Жаңа ғана жабық форматта біз ынтымақтастығымыздың ең өзекті мәселелерін талқыладық. Күн тәртібінде тұрған барлық мәселеге оң көзқараспен қарайтыныңыз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев Ақордада Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен шағын құрамда өткен кездесуден кейін. Ол Бердімұхамедовтің алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. "Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет. Біздің шекарамыз ортақ, тарихымыз ортақ, тіпті мәдениетіміз ортақ деуге болады. Сол себепті шын жүректен сізге қош келдіңіз деймін. Көп ғасырлық достық пен тату көршілікке, ортақ мәдениет пен тарихи құндылықтарға сүйене отырып, Қазақстан мен Түрікменстан осы жылдар ішінде берік үйлесімді қарым-қатынас орнатты. Біздің елдеріміз арасында жоғары деңгейдегі белсенді және сенімді саяси диалог жолға қойылған", - деп атап өтті мемлекет басшысы. Тоқаев былтыр қазан айында Түрікменстанға жасаған сапарын еске алып, оған көрсеткен құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс айтты. Сөз соңында Қазақстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің әкесі – Гурбангулы Бердімұхамедовке сәлем жолдап, ізгі тілегін жеткізді. Айта кетері, кеше Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түрікмен лидері 14 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитіне және Орталық Азия - Ресей саммитіне қатысты. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0f/28496965_79:0:1216:853_1920x0_80_0_0_9b1956c354403dc7fb0b2e63257c9865.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, түрікменстан
қасым-жомарт тоқаев, түрікменстан
Тоқаев: Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет
11:41 15.10.2022 (жаңартылды: 11:42 15.10.2022) Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанада мемлекеттік сапармен жүр
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Түрікменстан президентті оңаша кездесуде екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сіздің мемлекеттік сапарыңыз – Қазақстан үшін өте үлкен оқиға, тарихи мәні бар десек, артық айтпаймыз. Жаңа ғана жабық форматта біз ынтымақтастығымыздың ең өзекті мәселелерін талқыладық. Күн тәртібінде тұрған барлық мәселеге оң көзқараспен қарайтыныңыз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев Ақордада Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен шағын құрамда өткен кездесуден кейін.
Ол Бердімұхамедовтің алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.
"Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет. Біздің шекарамыз ортақ, тарихымыз ортақ, тіпті мәдениетіміз ортақ деуге болады. Сол себепті шын жүректен сізге қош келдіңіз деймін. Көп ғасырлық достық пен тату көршілікке, ортақ мәдениет пен тарихи құндылықтарға сүйене отырып, Қазақстан мен Түрікменстан осы жылдар ішінде берік үйлесімді қарым-қатынас орнатты. Біздің елдеріміз арасында жоғары деңгейдегі белсенді және сенімді саяси диалог жолға қойылған", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Тоқаев былтыр қазан айында Түрікменстанға жасаған сапарын еске алып, оған көрсеткен құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс айтты. Сөз соңында Қазақстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің әкесі – Гурбангулы Бердімұхамедовке сәлем жолдап, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетері, кеше Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түрікмен лидері 14 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитіне және Орталық Азия - Ресей саммитіне қатысты.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.