"Халыққа қарсы оқ атпадым": генерал Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 сәуір - Sputnik. Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы генерал Серік Күдебаевтың соты өтіп жатыр.
Оған қаңтар оқиғасы кезінделауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және азаптады деген айып тағылды.
"Мен кінәлі емеспін, өз халқыма оқ атпадым, азаптау болған жоқ. Жәбірленушілер жоққа шығарды. Бар айтарым осы",-деді ол.
Сот кеңесу бөлмесіне шығып кетті. Үкім бүгін жарияланады.
Бүгін Алматы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен оралғанын айтқан болатын.