Өңірлер

Алматылықтың жалдап тұрған үйінен үш мылтық, тапанша және 400 оқ табылды

Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматы тұрғыны жалға алған пәтерінде қару-жарақ арсеналын жасырған, деп хабарлайды Polisia.kz.
28 жастағы ер адам атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді. Оның жалға алған пәтерінен тегіс ұңғылы мылтық, екі мылтық, пневматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі 400-ге жуық патрон табылып, тәркіленді.
Алдын ала болжам бойынша, қару-жарақ қылмыстық жолмен алынған. Тиісті сараптама жасалады.
Сонымен қатар жас жігіт қарумен бұзақылық жасады деген күдікке ілініп отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Қаңтар оқиғасы
Кербұлақ ауданында қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ табылды