Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Кербұлақ ауданында қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ табылды

© Photo : Bruno GlätschАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде Жетісу облысының қару-жарақ дүкенінен жоғалған пневматикалық винтовкалар Кербұлақ ауданында табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қаруды жергілікті тұрғындар 29 наурызда Қоғалы-Шаған автожолының шетінен тауып алып, аудандық полицияға хабарлаған.
"4,5 және 6 мм калибрлі BSA Ultra, Action sport games және BSA Us үш пневматикалық винтовка тәркіленді. Қару 2022 жылдың қаңтарында Алматының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды", - деп мәлімдеді ведомство.
Жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге полиция бөлімшесіне жіберілді.
Жаңалықтар
0