Алматыда ғасырлық ғұмыры бар ҰОС ардагері мерейтойын атап өтті

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері – шекарашы, "Қызыл жұлдыз" орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы", "Құрмет" ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович 100 жасқа толды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтау шарасы
Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украина майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды.
Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтау шарасы
Соғыстан соң ол Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркиямен, Иранмен, Қытаймен, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері Николай Александрович ұлымен бірге тұрады, үш немересі, төрт шөбересі бар.
Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтау шарасы
Әкімдік және кәсіпкерлер әскери шекара гарнизоны, техниканы жөндеу жөніндегі басқарма және ҰҚК шекара қызметінің әскерилерімен бірге ардагердің үйін жөндеп, аула айналасын тазартып берді.