https://sputnik.kz/20230428/almatyda-gasyrlyq-gumyry-bar-uos-ardageri-mereytoyyn-atap-otti-34402019.html
Алматыда ғасырлық ғұмыры бар ҰОС ардагері мерейтойын атап өтті
Алматыда ғасырлық ғұмыры бар ҰОС ардагері мерейтойын атап өтті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері – шекарашы, "Қызыл жұлдыз" орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы", "Құрмет"... 28.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-28T19:37+0500
2023-04-28T19:37+0500
2023-04-28T19:37+0500
алматы
ардагер
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34393651_0:0:3068:1725_1920x0_80_0_0_1f3f93587193f50f6eebe3416bc5c935.jpg
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері – шекарашы, "Қызыл жұлдыз" орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы", "Құрмет" ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович 100 жасқа толды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украина майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды. Соғыстан соң ол Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркиямен, Иранмен, Қытаймен, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері Николай Александрович ұлымен бірге тұрады, үш немересі, төрт шөбересі бар. Әкімдік және кәсіпкерлер әскери шекара гарнизоны, техниканы жөндеу жөніндегі басқарма және ҰҚК шекара қызметінің әскерилерімен бірге ардагердің үйін жөндеп, аула айналасын тазартып берді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34393651_329:283:2683:2048_1920x0_80_0_0_fd3f8c7fefd8d3bf48aa397d2809db21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ардагер
Алматыда ғасырлық ғұмыры бар ҰОС ардагері мерейтойын атап өтті
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері – шекарашы, "Қызыл жұлдыз" орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы", "Құрмет" ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович 100 жасқа толды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украина майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды.
Соғыстан соң ол Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркиямен, Иранмен, Қытаймен, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері Николай Александрович ұлымен бірге тұрады, үш немересі, төрт шөбересі бар.
Әкімдік және кәсіпкерлер әскери шекара гарнизоны, техниканы жөндеу жөніндегі басқарма және ҰҚК шекара қызметінің әскерилерімен бірге ардагердің үйін жөндеп, аула айналасын тазартып берді.