ПАВЛОДАР, 27 сәуір – Sputnik. "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті. Қазіргі күні жылу желілерінде 119 зақым табылды, оның 25-іне жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын төрт учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты "Grappa-Stroy" ЖШС базасына барды.
Екібастұздағы жылу желілерінің жөндеу жұмыстарымен облыс әкімі Асайн Байханов танысты
© Photo
Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті екенін айтады. Қазір бір уақытта 25 бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, жылу желілерін жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталады.
Екібастұздағы жылу желілерінің жөндеу жұмыстарымен облыс әкімі Асайн Байханов танысты
© Photo
"Сапалы жұмыс істеу үшін ыстық су беруді 10 маусымға дейін қысқарта тұру туралы нақты жоспарымыз бар. Оны ұстану керек. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына үйлерді дайындау үшін жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысын бақылау қажет", - деп атап өтті Байханов.
Айта кетері, кеншілер қаласында жылыту маусымы 22 сәуірде аяқталды.