https://sputnik.kz/20230427/-ekibastuzdagy-zhylu-zhelileri-119-zherden-zaqymdangan-34365694.html
Екібастұздағы жылу желілері 119 жерден зақымданған
Екібастұздағы жылу желілері 119 жерден зақымданған
Sputnik Қазақстан
Қалада 40 шақырымнан астам жылу желісі жөнделеді. Ең тозған құбырлар толығымен ауыстырылады 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T21:16+0500
2023-04-27T21:16+0500
2023-04-27T21:16+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1b/34362002_0:71:1280:791_1920x0_80_0_0_1a8fbbc6f6a76246db037d0d89c61c89.jpg
ПАВЛОДАР, 27 сәуір – Sputnik. "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті. Қазіргі күні жылу желілерінде 119 зақым табылды, оның 25-іне жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын төрт учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты "Grappa-Stroy" ЖШС базасына барды.Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті екенін айтады. Қазір бір уақытта 25 бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, жылу желілерін жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталады."Сапалы жұмыс істеу үшін ыстық су беруді 10 маусымға дейін қысқарта тұру туралы нақты жоспарымыз бар. Оны ұстану керек. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына үйлерді дайындау үшін жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысын бақылау қажет", - деп атап өтті Байханов.Айта кетері, кеншілер қаласында жылыту маусымы 22 сәуірде аяқталды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1b/34362002_66:0:1215:862_1920x0_80_0_0_0b1ada2e343e05d5a37cccac63374115.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұздағы жылу желілері 119 жерден зақымданған
Қалада 40 шақырымнан астам жылу желісі жөнделеді. Ең тозған құбырлар толығымен ауыстырылады
ПАВЛОДАР, 27 сәуір – Sputnik. "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті. Қазіргі күні жылу желілерінде 119 зақым табылды, оның 25-іне жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын төрт учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты "Grappa-Stroy" ЖШС базасына барды.
Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті екенін айтады. Қазір бір уақытта 25 бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, жылу желілерін жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталады.
"Сапалы жұмыс істеу үшін ыстық су беруді 10 маусымға дейін қысқарта тұру туралы нақты жоспарымыз бар. Оны ұстану керек. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына үйлерді дайындау үшін жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысын бақылау қажет", - деп атап өтті Байханов.
Айта кетері, кеншілер қаласында жылыту маусымы 22 сәуірде аяқталды.