Алматы облысында үйі өртеніп кеткен жалғызбасты әке далада қалды – видео

Sputnik
АЛМАТЫ, 26 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауылында үй өртеніп, мүмкіндігі шектеулі баласы бар ер адам баспанасыз қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 26 сәуірде түскі сағат 13:30 шамасында болған. Еренғазы Қалитов баласымен ас ішіп отырған.
Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында тұрғын үй жанып кетті
"Ауызғы бөлмеден сатыр-сұтыр еткен дыбыс естілді, иіс шыға бастады. Есікті ашып қалып едім от лап етіп ішке кірді. Дәліз қып-қызыл болып жанып жатыр екен. Сыртқа терезеден әзер қашып шықтық", - дейді Еренғазы Қалитов.
Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында тұрғын үй жанып кетті
Еренғазы Қалитов - жалғызбасты әке. Әйелі екі жыл бұрын дүниеден озған. Асырауында 21 жастағы мүгедек баласы бар. Өртеніп кеткен үй жалдап тұрған баспанасы екен. Тұрақты жұмысы жоқ, әр жерге жалданып, нәпақасын тауып жүр. Жасы алпыстан асқан оны еш жер жұмысқа қабылдамайды.
Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында тұрғын үй жанып кетті
"Мүгедек баламды қарайтын адам жоқ. Әр жерде бір жалданып еңбек етемін. Жұмысқа жүгіріп барып, үйге жеткенше жүрегім аузыма тығылып әзер келемін. Осы балам бір нәрсеге арандап қалды ма деп уайымдап бітемін. Жасым болса алпысқа келді, тұрақты жұмысқа еш жерде алмайды", - дейді Еренғазы Қалитов.
Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында тұрғын үй жанып кетті
Баспанасыз қалған мүгедек баласы бар әке енді қайда барып бас сауғалайтынын білмей дал.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің неден шыққаны белгісіз.
"Өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер 20 минутта келді. Өрт 1сағатта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір техника мен 7 өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.