https://sputnik.kz/20230426/almaty-oblysynda-uyi-ortenip-ketken-zhalgyzbasty-ake-dalada-qaldy--video-34327442.html
Алматы облысында үйі өртеніп кеткен жалғызбасты әке далада қалды – видео
Алматы облысында үйі өртеніп кеткен жалғызбасты әке далада қалды – видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауылында үй өртеніп, мүмкіндігі шектеулі баласы бар ер адам баспанасыз қалды деп хабарлайды Sputnik... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T18:00+0500
2023-04-26T18:00+0500
2023-04-26T18:00+0500
алматы облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1a/34323886_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_8700545d7c2e147dcc22637845a0d4c3.jpg
АЛМАТЫ, 26 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауылында үй өртеніп, мүмкіндігі шектеулі баласы бар ер адам баспанасыз қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оқиға 26 сәуірде түскі сағат 13:30 шамасында болған. Еренғазы Қалитов баласымен ас ішіп отырған. "Ауызғы бөлмеден сатыр-сұтыр еткен дыбыс естілді, иіс шыға бастады. Есікті ашып қалып едім от лап етіп ішке кірді. Дәліз қып-қызыл болып жанып жатыр екен. Сыртқа терезеден әзер қашып шықтық", - дейді Еренғазы Қалитов. Еренғазы Қалитов - жалғызбасты әке. Әйелі екі жыл бұрын дүниеден озған. Асырауында 21 жастағы мүгедек баласы бар. Өртеніп кеткен үй жалдап тұрған баспанасы екен. Тұрақты жұмысы жоқ, әр жерге жалданып, нәпақасын тауып жүр. Жасы алпыстан асқан оны еш жер жұмысқа қабылдамайды. "Мүгедек баламды қарайтын адам жоқ. Әр жерде бір жалданып еңбек етемін. Жұмысқа жүгіріп барып, үйге жеткенше жүрегім аузыма тығылып әзер келемін. Осы балам бір нәрсеге арандап қалды ма деп уайымдап бітемін. Жасым болса алпысқа келді, тұрақты жұмысқа еш жерде алмайды", - дейді Еренғазы Қалитов. Баспанасыз қалған мүгедек баласы бар әке енді қайда барып бас сауғалайтынын білмей дал. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің неден шыққаны белгісіз."Өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер 20 минутта келді. Өрт 1сағатта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір техника мен 7 өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1a/34323886_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_cede6ce4c0d14105ab7e626d227f6ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, өрт
АЛМАТЫ, 26 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауылында үй өртеніп, мүмкіндігі шектеулі баласы бар ер адам баспанасыз қалды деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 26 сәуірде түскі сағат 13:30 шамасында болған. Еренғазы Қалитов баласымен ас ішіп отырған.
"Ауызғы бөлмеден сатыр-сұтыр еткен дыбыс естілді, иіс шыға бастады. Есікті ашып қалып едім от лап етіп ішке кірді. Дәліз қып-қызыл болып жанып жатыр екен. Сыртқа терезеден әзер қашып шықтық", - дейді Еренғазы Қалитов.
Еренғазы Қалитов - жалғызбасты әке. Әйелі екі жыл бұрын дүниеден озған. Асырауында 21 жастағы мүгедек баласы бар. Өртеніп кеткен үй жалдап тұрған баспанасы екен. Тұрақты жұмысы жоқ, әр жерге жалданып, нәпақасын тауып жүр. Жасы алпыстан асқан оны еш жер жұмысқа қабылдамайды.
"Мүгедек баламды қарайтын адам жоқ. Әр жерде бір жалданып еңбек етемін. Жұмысқа жүгіріп барып, үйге жеткенше жүрегім аузыма тығылып әзер келемін. Осы балам бір нәрсеге арандап қалды ма деп уайымдап бітемін. Жасым болса алпысқа келді, тұрақты жұмысқа еш жерде алмайды", - дейді Еренғазы Қалитов.
Баспанасыз қалған мүгедек баласы бар әке енді қайда барып бас сауғалайтынын білмей дал.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің неден шыққаны белгісіз.
"Өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер 20 минутта келді. Өрт 1сағатта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір техника мен 7 өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.