Өңірлер

Маңғыстау облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды.
"СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 25 ақпан Алматы уақытымен сағат 13:24-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 1981 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы MPV 5.4.
Энергетикалық класы – 11.3, тереңдігі – 10 шақырым.
"МSК-64 шкаласы бойынша Маңғыстау облысының Қызан және Тұщықұдық ауылдарында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жергілікті lada.kz басылымы Ақтау қаласында да жер сілкінгенін хабарлады. Әртүрлі шағын аудандардың тұрғындары жерасты дүмпулерін сезгенін жазып жатыр.
Өңірлер
Түркиядағы жер сілкінісі бізге үлкен сабақ болуға тиіс – Смайылов