https://sputnik.kz/20230311/turkiya-zher-silkinisi-sabaq-smayylov-32834935.html
Түркиядағы жер сілкінісі бізге үлкен сабақ болуға тиіс – Смайылов
Түркиядағы жер сілкінісі бізге үлкен сабақ болуға тиіс – Смайылов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыстағы бақылау... 11.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-11T09:30+0500
2023-03-11T09:30+0500
2023-03-11T09:30+0500
өңірлер
алматы
жер сілкінісі
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0b/32834567_0:57:1281:777_1920x0_80_0_0_3c862ec3ee7765a7e27b14c587c90822.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыстағы бақылау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.Премьер сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Түркия мен Сирияда болған табиғи апаттар біздің еліміз үшін, әсіресе Алматы үшін үлкен сабақ болуға тиіс.Смайылов соңғы рет қаладағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізіп, сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруы керек.Премьер-министр шаһардағы қала құрылысы саясатын жақсарту қажеттігіне, бұл әсіресе Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын талқылау және келісу аясында өзекті екеніне назар аударды."Әкімдік қала құрылысы кезінде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жіберілген қателіктерді ескеруі керек. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтай отырып, құрылыс нысандарының биіктігі мен тығыздығына ерекше назар аудару қажет", — деді ол.Сондай-ақ үкімет басшысы қаланың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шараларды кешенді іске асырудың және Алматы агломерациясын дамыту жоспарын жедел пысықтаудың маңыздылығын атап көрсетті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0b/32834567_84:0:1195:833_1920x0_80_0_0_ca0d9e2781cdce84313e60c105a76c5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі, әлихан смайылов
алматы, жер сілкінісі, әлихан смайылов
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылыстағы бақылау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Премьер сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Түркия мен Сирияда болған табиғи апаттар біздің еліміз үшін, әсіресе Алматы үшін үлкен сабақ болуға тиіс.
Смайылов соңғы рет қаладағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізіп, сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруы керек.
"Бұл мәселелерде әлемдік тәжірибені тек Алматыда ғана емес, еліміздің жер сілкінісіне ұшырауы ықтимал басқа да өңірлерінде пайдалану қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұған дейін алынып тасталған жобалау, құрылыс және бақылау процестерін заңнамалық тұрғыда қатаңдату мәселесін шұғыл түрде қарастыруы керек", — деді Смайылов.
Премьер-министр шаһардағы қала құрылысы саясатын жақсарту қажеттігіне, бұл әсіресе Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын талқылау және келісу аясында өзекті екеніне назар аударды.
"Әкімдік қала құрылысы кезінде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жіберілген қателіктерді ескеруі керек. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтай отырып, құрылыс нысандарының биіктігі мен тығыздығына ерекше назар аудару қажет", — деді ол.
Сондай-ақ үкімет басшысы қаланың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шараларды кешенді іске асырудың және Алматы агломерациясын дамыту жоспарын жедел пысықтаудың маңыздылығын атап көрсетті.