АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Көкшетауда болған жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Toyota Camry-50 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mazda-323 автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі “орта” дәрежелі мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Салдарынан Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттармен Mazda-323 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 және 4 жастағы екі кәмелетке толмаған жолаушысы жеткізілді. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Toyota Camry-50 автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.