https://sputnik.kz/20230425/kokshetauda-eki-kolik-soqtygysty-zardap-shekkender-bar-34294320.html
Көкшетауда екі көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Көкшетауда екі көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Көкшетауда болған жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz. 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T22:00+0500
2023-04-25T22:00+0500
2023-08-10T11:59+0500
көкшетау
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16322174_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_8eb3c2f5c7f47f63e5f147225504ccbc.jpg
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Көкшетауда болған жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz. Toyota Camry-50 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mazda-323 автокөлігімен соқтығысуға жол берген.Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі “орта” дәрежелі мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Салдарынан Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттармен Mazda-323 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 және 4 жастағы екі кәмелетке толмаған жолаушысы жеткізілді. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Toyota Camry-50 автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16322174_393:0:2642:1687_1920x0_80_0_0_27a4284e4a256c3230a884cf1714d146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, жол апаты
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Көкшетауда болған жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Toyota Camry-50 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mazda-323 автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі “орта” дәрежелі мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Салдарынан Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттармен Mazda-323 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 және 4 жастағы екі кәмелетке толмаған жолаушысы жеткізілді. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Toyota Camry-50 автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.